“Спорт саясаттан бөлек”: Қуат Хамитов Головкинді сынағандарға шүйлікті

19.08.2026 23:25 Қарақат АСЫЛОВА
“Спорт саясаттан бөлек”: Қуат Хамитов Головкинді сынағандарға шүйлікті
240
Фото-коллаж: Politico.kz

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов Геннадий Головкинге қатысты айтылып жатқан сынға пікір білдіріп, әйгілі боксшыны ашық қолдады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған World Boxing ұйымының ресейлік боксшыларға халықаралық жарыстарға Ресейдің мемлекеттік рәміздерімен қатысуға рұқсат беру туралы шешімі себеп болған.

Хамитов Геннадий Головкиннің Қазақстан спортына қосқан үлесін атап өтіп, оның елді әлемге танытудағы еңбегін жоғары бағалады.

«Соңғы кезде Генаны әркім бір түйреп қалғысы келетінін байқап жүрмін. Бірақ Геннадий Головкин бар жетістігіне орасан еңбектің арқасында жетті. Ол жылдар бойы елімізді әлемге танытты», – деп жазды спортшы Instagram парақшасында.

ММА файтері Головкинді сынап жүрген саясаткерлер мен журналистердің кейбірі оның ел спортына сіңірген еңбегіндей үлес қоса алмағанын айтты.

Хамитовтың пікірінше, Головкин қазір маңызды әрі батыл шешімдер қабылдап жүр. Ол спорт саясаттан тыс болуы керек деген ұстанымды алға тартты.

«Саясаткерлер кетеді, ал GGG есімі тарихта алтын әріппен қалады», – деп түйіндеді Қуат Хамитов.

Войдите, чтобы оставить комментарий