«1 балл – 7 мың теңге»: Оқушыны ҰБТ-дан өткізіп бермек болған мұғалім сотталды
Ақтөбеде ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл жинап берем деп ақша алған мұғалім сотталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ақтөбе қаласының №2 соты екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасады деген айыппен мұғалімге қатысты қылмыстық істі қарады.
Сотталушы мектеп мұғалімі бола тұра, Ұлттық біріңғай тестілеуден өткізіп беремін деп, жәбірленушілермен сөйлесу барысында 1 балл 7 000 теңге болатынын жеткізіп, 80 балл жинау үшін әрқайсысынан 560 000 тенгеден алған.
Сот отырысында сотталушы өзінің кінәсін толық мойындады. Оның кінәсін толығымен мойындауы, жасаған қылмысына өкінуі, жас балаларының болуы оның жазасын жеңілдетті.
Сот үкімімен сотталушы «Ж» ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 3) тармағымен («Алаяқтық») кінәлі деп танылып, оған 3 жылға педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Рақымшылық туралы заңға сәйкес, оның жаза мерзімі қысқартылып, мұғалімге түпкiлiктi 2 жыл 4 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Соңғы жаңалықтар