18 жастағы жігіт туған әпкесін пышақтап өлтірді

18 жастағы жігіт туған әпкесін пышақтап өлтірді
Фото: әлеуметтік желіден

Әзербайжан астанасы Баку қаласында 23 жастағы суретші Гюлара Мехтиева пышақ жарақатынан көз жұмды. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен оның 18 жастағы Айхан Мехдиев ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қанды оқиға Бакудің Бинагадин ауданындағы пәтерлердің бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, бауырлар арасындағы жанжалға қыздың әлеуметтік желіге жүктеген суреттері себеп болған. Күдікті әпкесінен фотоларды өшіруді талап еткен, алайда Гюлара одан бас тартқан.

Көршілерінің айтуынша, бауырлар арасында бұған дейін де қызғаныш негізінде кикілжіңдер туындап тұрған, ал күдікті қылмысты бірнеше күн бұрын алдын ала жоспарлаған болуы мүмкін.

Шабуыл жасалған сәтте ата-анасы үйде болмаған. Пышақ жарақатын алған бойжеткен екі сағатқа жуық уақыт бойы еденде көмексіз жатқан, ал бауыры өз бөлмесіне кіріп, ішінен құлыптап алған.

Үйге оралған әкесі қансырап жатқан қызын көріп, дереу ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.Екі бауырдың әкесі бір, анасы бөлек.

Күдікті туралы не белгілі?

18 жастағы Айхан Мехдиев Әзербайжан мемлекеттік дене шынықтыру және спорт академиясының денсаулық және менеджмент факультетінде 2-курста оқиды. Оқиға болған күні таңертең ол сабақта болған, ал қылмысқа оқудан қайтып келген соң барған.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, тергеу органдарына тапсырылды. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Гуляра 2003 жылы дүниеге келген. Ол үш жасқа толғанда, 2006 жылы анасы отбасынан кетіп, қыз әкесінің тәрбиесінде қалған. 2007 жылы әкесі Аға Мехдиев екінші рет үйленген. Осы некеден төрт бала дүниеге келген. Айхан – екінші некедегі тұңғыш бала.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу