"2-3 рет ажырасып үлгерер едім": Меруерт Түсіпбаева кімге тигісі келетінін айтты
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі парақшасында күтпеген жазба жариялап, оқырмандарымен жеке хат алмасулар туралы бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесінің айтуынша, оған әлеуметтік желіде ер азаматтар жиі хат жазады. Әнші тіпті олардың бірінің жазған хатының скриншотын да көпшілікке көрсеткен.
«Осындай хат келді, қалай түсінуге болады? Шынында да маған желіде ер-азаматтар көп жазады. Бірақ советтік жүйемен өскен адам болған соң, осы уақытқа дейін желі арқылы танысып көрмеппін. Әйтпесе баяғыда бақытты ғұмыр кешіп немесе 2-3 рет ажырасып үлгерер ме едім? Мереке қарсаңында осындай хат келді. Сонда бұл менен ақша дәметіп отыр ма? Бұл хатты қалай түсінесіздер? Мен болсам, осы жасқа келіп тұрмыс құрсам, мені асырап, сақтап, аялап, жақсы көретін еркекті қалар едім», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншінің жазбасына түрлі пікір қалдырып, өз ойларымен бөлісіп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
17:20
Ақтөбе облысында жұмыс кезінде күйік алған темі...
24.10.2026
16:15
Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш ә...
24.10.2026
15:28
Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда ...
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...
24.10.2026
14:11
Атырау тергеу изоляторында жаппай наразылық бол...
24.10.2026
11:34
Атырауда департамент басшысы өлі күйінде табылды