«38 жасында жесір»: Дана Нұржігіт отбасы жайында ашық айтты

29.12.2025 22:00 Берік Арманов Берік Арманов
«38 жасында жесір»: Дана Нұржігіт отбасы жайында ашық айтты
0
187
Фото: әлеуметтік желі

Танымал тележүргізуші, журналист Дана Нұржігіт анасының 75 жасқа толуына орай әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Журналист анасының өмір жолы ауыр сынақтарға толы болғанын атап өтті. Оның айтуынша, анасы 38 жасында жұбайынан айырылып, үш баланы жалғыз өзі өсіріп-жеткізген.

«Жыл өткен сайын анамыздың біз үшін атқарған еңбегін тереңірек түсініп келемін. Әкемізден ерте айырылып, барлық қиындықты бірге еңсердік. Сауда мен байлыққа ұмтылған жоқпыз. Біздің отбасымызда өнер мен ұстаздық басты орында болды. “Миллионер болсам” деген әңгіме айтылған емес», – деп жазды Дана Нұржігіт.

Ол бүгінде анасының өмірі шуақты өтіп жатқанына қуанышты екенін айтып, театр әртісі Қанат Қожамжаровқа алғысын білдірді. Журналистің сөзінше, өнер адамдары болғандықтан, екеуінің өмірге көзқарасы да, жан дүниесі де жақын.

«Анам – 75-те, Қанат ағамыз – 83-те. Бірақ олардың өмірге деген құштарлығы мені тәнті етеді. Қарттыққа мойымай, алға ұмтылу – осы кісілерден үйренетін қасиет», – деді ол.

Жазбасының соңында Дана Нұржігіт анасына денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, отбасының әрдайым жанында екенін жеткізді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий