6,1 балдық жер сілкінісі болды (ВИДЕО)
27 қазан күні кешке Түркияның батыс бөлігінде жер сілкінді. Эпицентрі Балыкесир провинциясында шамамен 6 км тереңдікте болған. Жерасты дүмпуі Ыстанбұлда, Измирде және елдің басқа қалаларында да сезілді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Anadolu агентітгінің мәліметінше, адамдар афтершоктан қорқып, үйлерінен шығып, төтенше шығу сатысымен төмен түскен. Алғашқы деректер бойынша кейбір ғимараттар зақымданған, электр және су жеткізу жүйелерінде ақаулар байқалады. Оқиға орындарында құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр.
Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерликай әлеуметтік желілерде жазғандай, қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы хабар әлі жоқ. Балыкесирдегі мектептер бір күнге тоқтатылды.
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған билік жағдайды бақылап отырғанын айтып, табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға көңіл айтты.
Соңғы жаңалықтар