Абай облысында бірнеше көлік жол апатына түсті: адам шығыны бар
1013
Абай облысында бірнеше көлік жол апатына түсіп, салдарынан бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Бірнеше адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Politico.kz.
Полиция мәліметінше, 9 шілде күні сағат 08:40 шамасында Алматы – Өскемен автожолының 885-шақырымында Жарма ауданының Жарма ауылы маңында төрт көлік жол апатына түсті.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгіндеу кезінде назарын басқа жаққа аударып, рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.
Соның салдарынан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Кейін жол-көлік оқиғасына Toyota Windom жеңіл автокөлігі мен DAF жүк көлігі де қатысқан.
Жол апаты салдарынан Volkswagen Polo көлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Түрлі дене жарақатын алған бірнеше адам медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Соңғы жаңалықтар
07.10.2026
23:07
Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды
07.10.2026
22:11
Алматыда автобуста жолаушыларды пышақпен қорқыт...
07.10.2026
21:44
Шымкентте су құбырын ауыстырмақ болған екі жұм...
07.10.2026
21:17
Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің төбесіне...
07.10.2026
20:44
Танымал актриса "Жеті қарақшы" фильмінде Дайыро...
07.10.2026
20:26
"Ренжіп кеткенім жоқ". Қыран Талапбек неге Әзер...