«Адалдықтың үлгісі»: Роза Рымбаева марқұм жарына деген сағынышын білдірді
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева марқұм жары Тасқын Оқаповпен бірге түскен естелік суреттерін жариялап, көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Politico.kz
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында сағыныш пен махаббатқа толы әсерлі жолдар қалдырды.
«Жан жүрегім елжіреп, сағынғанда
Бір сен едің аңсаған таңым алда…», — деп жазды әнші.
Бұл жазба желі қолданушыларының зор ықыласына ие болды. Көпшілік Роза Рымбаеваның адалдығы мен өмірлік серігіне деген шынайы махаббатын ерекше атап өтті.
«Сізге әрдайым ризамыз, бала кезімізден сізге еліктеп өстік», «Бұл — нағыз адал махаббаттың үлгісі», «Сүйген жарына өмір бойы берік болған асыл жан», — деп жазды оқырмандар.
Айта кетейік, Роза Рымбаева Тасқын Оқаповқа 1976 жылы тұрмысқа шыққан. Олардың махаббаты мен шығармашылық одағы ел жадында мәңгі сақталып келеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.11.2026
09:49
Астана – Қарағанды тасжолында көлік дөңгелегі ж...
23.11.2026
09:48
Шалқарда мектептің 82 млн теңгесін жымқырған үш...
23.11.2026
08:35
Төрт перзентінен айырылған ақтаулық ана 51 жасы...
22.11.2026
17:13
Жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған қ...
22.11.2026
16:18
396 миллион теңге парамен сотталған бұрынғы обл...
22.11.2026
15:21
Липосакция жасатуға барған депутаттың өлімі: Же...