Әл-Фарабидегі апат: Zeekr жүргізушісі ауруханадан тергеу изоляторына ауыстырылды

07.04.2026 09:43 Арман Ермеков
Әл-Фарабидегі апат: Zeekr жүргізушісі ауруханадан тергеу изоляторына ауыстырылды
304
Александр Пак тергеу изоляторына қамалды | Фото: Әлеуметтік желіден

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында қарсы бағытқа шығып кетіп, 3 адамның өліміне себепкер болған Zeekr көлігінің жүргізушісі ауруханадан тергеу изоляторына ауыстырылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Алматы қалалық полиция департаменті 21 наурызда Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына кінәлі жүргізушіні абақтыға жапты. Мас күйде қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соғысқан 32 жастағы кәсіпкер Александр Пак оқиғадан кейін жарақат алып, осы уақытқа дейін медициналық мекемеде күзетпен жатқан болатын.

«Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына кінәлі деп танылған Zeekr автокөлігінің жүргізушісі тергеу изоляторына этапталды. Бұған дейін күдікті медициналық мекемеде айдауыл күзетімен болған және соттың санкциясымен қамауға алынған», – деп хабарлады полиция департаменті.

Үш адам қаза тапқан бұл жол апаты қоғамда үлкен резонанс тудырғандықтан қазіргі уақытта қалада арнайы операция өтіп жатыр. Бұған дейін Ішкі істер министрі аталған іске қатысты пікір білдіріп, ешкімнің жауапкершіліктен жалтара алмайтынын ескерткен еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий