Әли Оқапов Роза Рымбаеваның 30 жылдан астам сақтаған затын көрсетті

Әли Оқапов Роза Рымбаеваның 30 жылдан астам сақтаған затын көрсетті
18.06.2025 21:01
0
118
Фото: instagram.com/aliokapov

Қазақстандық әнші Әли Оқапов анасы, Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева 30 жылдан астам уақыт бойы сақтап келген өзінің ең қымбат дүниелерінің бірін көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Али Instagram желісінде бұл заттың қандай екені және оның анасы Роза Қуанышқызы үшін неліктен ерекше маңызға ие болғанын айтып берді.

«Жақында ғана анам бізбен естелікке толы тамаша затпен бөлісті. Бұл – пеленка. Ол неге мен үшін ерекше? Себебі бұл менің пеленкам. 34 жыл бұрын, мен Зейн сияқты кішкентай кезімде, осы пеленканың үстінде жатқанмын. Қазір сіздерге сол уақыттағы архивтік фотомды да көрсетемін. Ол кезде ешкім де 34 жылдан кейін осы пеленканың үстінде менің ұлым отырады деп ойламаған шығар. Сондықтан, егер араларыңызда мен сияқты жас ата-аналар болса, балаңыздың бір затын сақтап қойыңыздар. Себебі жылдар өткен соң оны немерелеріңіз пайдалануы мүмкін. Мен сіздерге де осындай тарихтың қайталануын тілеймін», – деді әнші.

Али мен жары Розa Қуанышқызына ностальгияға толы сәттерді қайта сезінуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий