Алматы облысында есірткі өндірген ерлі-зайыпты Тбилисиде ұсталды
937
Халықаралық іздеудегі қазақстандықтар Грузияда қолға түсті
Тбилисиде синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырды деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыпты ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.
ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың наурыз айынан бері Грузия аумағында Қазақстан құқық қорғау органдары іздеген 15 адам қолға түскен. Олардың қатарында синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан күдікті жұп та бар.
Тергеу деректеріне сәйкес, Қазақстан азаматы 2023 жылдың қазан айынан 2024 жылдың ақпан айына дейін Алматы облысында арнайы жабдықталған зертханада «мефедрон» синтетикалық есірткісін өндірген. Ол қылмыстық топта химиктің рөлін атқарған деген күдікке ілінген.
Сондай-ақ Тбилисиде оның жұбайы да ұсталды. Тергеу мәліметінше, әйел адам Алматы және Қарағанды облыстарындағы заңсыз есірткі өндірісінің қаржылық мәселелеріне жауап берген.
Қазіргі уақытта күдіктілерді Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
23:11
Өскемендегі дәмханалардың бірінде полиция қызме...
05.10.2026
21:57
«Барыс» буллит сериясында «Спартакты» жеңіп, мә...
05.10.2026
21:33
"Бөтен еркектің ұрығын салған". Ерлі-зайыпты кл...
05.10.2026
21:18
Асхат Тарғын: Әншілерді сахна немесе тойдікі де...
05.10.2026
21:09
Chevron компаниясы жаңа жылдан бастап басшылық ...
05.10.2026
20:57
Роза Әлқожа: Еркектер жағдайы жақсарса, неге бі...