“Үстіме нәжіс шашырады”: Пойыз дәретханасындағы сұмдықтан кейін жолаушы 3 млн теңге өндіріп алды

22.05.2026 23:19 Қарақат АСЫЛОВА
“Үстіме нәжіс шашырады”: Пойыз дәретханасындағы сұмдықтан кейін жолаушы 3 млн теңге өндіріп алды
236
Дәретханадағы ақау тасымалдаушыға қымбатқа түсті

Астана қаласының ауданаралық азаматтық істер жөніндегі соты пойыз жолаушысының тасымалдаушы компанияға қарсы берген шағымын қарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Әйел моральдық шығын мен билет құнын өндіріп беруді талап еткен. Сот мәліметінше, биыл 7 наурызда Астана – Петропавл бағыты бойынша қатынайтын пойызда дәретхана жүйесінде техникалық ақау болып, кәріз қалдықтары сыртқа атқылаған.

Салдарынан лас су жолаушының үстіне шашырап, оған физикалық жайсыздық, моральдық қорлық пен психологиялық күйзеліс келтірген. Сонымен қатар киімі мен жеке заттары бүлінген.

Іс материалдарында көліктік бақылау инспекциясының тексеру қорытындысы, фотодәлелдер және тасымалдаушыға қатысты әкімшілік хаттама болғаны айтылды. Сот қызметтің сапасыз көрсетілгенін растап, “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” заңға сүйене отырып, талап арызды ішінара қанағаттандырды.

Нәтижесінде тасымалдаушы компаниядан жолаушының пайдасына 3 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірілді.

Войдите, чтобы оставить комментарий