Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті

14.10.2026 • 09:11 Әсел МҰРАТ
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті
228
Фото:depositphotos.com

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Politico.kz.

Басқарманың мәліметінше, балалар 2026 жылы 12-13 қазан аралығында Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Қазір олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.

Сонымен қатар мектеп-интернатта тағы сегіз бала оқшауланып, медициналық бақылауға алынған.

Оқиғадан кейін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қаулысымен мектептің, интернаттың және ас блогының жұмысы уақытша тоқтатылды.

Қазіргі уақытта мамандар тексеру жүргізіп, зертханалық зерттеулерге қажетті сынамаларды алған. Оқушылардың жаппай сырқаттану жағдайы тиісті қызметтердің бақылауында.

Балалардың неден уланғаны немесе инфекцияны жұқтыру себебі әзірге нақтыланбаған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий