Алматыда ер адам 65 жастағы енесін зорлаған: полиция не дейді?

21.08.2026 11:52 Әсел МҰРАТ
Алматыда ер адам 65 жастағы енесін зорлаған: полиция не дейді?
226
Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Алматыда ер адам зейнеткер әйелдің үйіне шай ішу сылтауымен келген, деп хабарлайды Politico.kz.

«НеМолчи» қорының мәліметінше, оқиға 17 тамызда болған. Қор мәліметінше, ер адам қарт әйелдің үйіне шай ішу сылтауымен келген. Ол әйелдің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оған сексуалдық зорлық көрсеткен. Жәбірленушінің қызы сол күні полицияға өз күйеуіне қатысты арыз жазған. 

Қор өкілдерінің хабарлауынша, полицейлердің қажетті құжаттарды дұрыс рәсімдемеуінен зейнеткер әйел сот-медициналық сараптамадан әлі өте алмай отыр.

«Үш күн өтті, алайда әйел әлі күнге дейін сараптамадан өтпеген»,  – дейді қор өкілдері.

Полиция тілшімізге осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Осы факті бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның әрекетіне принципті әрі объективті құқықтық баға беріледі. Кінәсі анықталған жағдайда, ол Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады», - дейді полицейлер.

Войдите, чтобы оставить комментарий