Алматыда ер адам өгей әкесін пышақтап өлтірді (ВИДЕО)
912
Алматыда отбасылық жанжал кезінде ер адам өгей әкесін өлтірді. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға түнде Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде болған. Түнгі сағат үштер шамасында шақыртумен жеткен дәрігерлер 59 жастағы ер адамды аман алып қала алмады. Ол көптеген пышақ жарақаты мен қан жоғалтудан оқиға орнында көз жұмған.
Полиция қызметкерлері марқұмның 34 жастағы өгей ұлын ізін суытпай ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол асүй пышағымен бірнеше рет соққы жасаған.
Күдіктінің айтуынша, жанжал анасына қатысты туындаған кикілжіңнен кейін басталған.
Қазіргі уақытта адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалып, кешенді тергеу әрекеттері басталды.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
09:29
Жаңа қорғаныс министрі әскери бөлімдерді аяқ ас...
05.10.2026
09:15
Параға планшет пен пеш: Астанада білім саласыны...
05.10.2026
09:05
«Кредиттен кредитке жүреміз»: Роза Әлқожа өнер ...
05.10.2026
08:43
«Басқалар айта алмайды»: Песков Тоқаевтың Путин...
05.10.2026
08:28
«Қасымда болуы тиіс бауырларым енді жоқ»: Каспи...
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды