«Келінді керіліп тұрып жұмсайық»: Тойдағы әжейдің тосты елді шулатты

22.08.2026 15:27 Қарақат АСЫЛОВА
«Келінді керіліп тұрып жұмсайық»: Тойдағы әжейдің тосты елді шулатты
208
Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде той үстінде айтылған егде жастағы әйелдің тосты көпшіліктің наразылығын тудырды, деп хабарлайды Politico.kz.

Желі қолданушылары оның келінге қарата айтқан тілегін орынсыз деп бағалаған.

Видеода әжей жаңа түскен келінге қатысты:

«Келінді керіліп тұрып жұмсауға жазсын»

деген тілек айтады. Бұл сөздер әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің сынына ұшырады.

Желі қолданушылары мұндай сөздердің қазіргі қоғамдағы отбасылық қарым-қатынас мәселелері аясында айтылуы ерекше алаңдататынын жазды. Әсіресе әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілері жиі талқыланып жүрген тұста, келін мен ене арасындағы қарым-қатынасқа қатысты мұндай әзілдер мен тілектердің орындылығы сұрақ туғызды.

Желіде бұл жағдай Меркідегі 19 жастағы Мадина Рашидқызының өліміне қатысты оқиғамен де байланысты талқылануда. Марқұмның жақындары оның өліміне күйеуі мен енесін кінәлап, ауыр айыптар айтқан. Қазіргі таңда аталған іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий