Алматы–Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апаты: Төрт адам қаза тапты
664
19 маусым күні таңғы сағат 06:45 шамасында Алматы–Өскемен автожолының 669-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Жол апатына Toyota Estima және Tank-500 көліктері қатысқан. Апат салдарынан Toyota Estima көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
Аталған факті бойынша көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғуы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар сот сараптамасы тағайындалған.
Сараптама қорытындылары мен тергеу нәтижесіне сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
11:31
Лифтте қызға тиіскен алматылыққа сот үкімі шықты
06.10.2026
11:14
16 миллион қазақстандықтың дерегінің таралуы: м...
06.10.2026
10:54
Кореядағы жаппай төбелеске қазақстандықтардың қ...
06.10.2026
10:53
«Азаматтарға арналған үкімет» филиалы директоры...
06.10.2026
10:46
Францияда Сальвадор Дали жасаған 150 келілік қо...
06.10.2026
10:30
Қазақмыс ескі жабдықтармен қоштасып су жаңасына...