Анасын пышақтап, шетелге қашып кеткен қазақстандық Вьетнамнан жеткізілді

12.08.2026 10:59 Әсел МҰРАТ
 Анасын пышақтап, шетелге қашып кеткен қазақстандық Вьетнамнан жеткізілді
193
Фото: ашық дереккөз

Вьетнамнан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген күдікті экстрадицияланды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қазақстан Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлерінің Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінің жәрдемдесуімен аталған елден денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматы экстрадицияланды.

Ол өткен жылдың қараша айында өз үйінде алкогольдік масаң күйде болып, ауызша жанжалдан кейін анасына пышақпен бірнеше рет соққы жасаған деген күдікке ілінді.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органынан бой тасалап, оған халықаралық іздеу жарияланды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның Вьетнам аумағында жүргені анықталып, маусым айында ол Дананг қаласында ұсталды, содан кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Войдите, чтобы оставить комментарий