Ақ үй Украинаға көмектің тоқтайтынын мәлімдеді

Трамп әкімшілігінің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитттің айтуынша, АҚШ Украинаға әскери көмек беруді тоқтатады, себебі олардың басты мақсаты – бейбіт келіссөздер. Бұл шешім Зеленскийдің сапары кезінде орын алған дау-дамайдан кейін қабылданды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Біз алыс бір елдегі соғысқа нақты әрі ұзақ мерзімді бейбітшілік болмай тұрып, ақшалай көмекті тоқтаусыз аудара бермейміз. Камералардың қосулы болғаны жақсы болды, өйткені америкалық халық пен бүкіл әлем Трамп пен оның командасының украиндықтармен жабық есік жағдайында қандай келіссөздер жүргізетінін өз көздерімен көре алды», – деді Ливитт.
Бұған дейін The Washington Post басылымы Трамп әкімшілігінің Украинаға әскери көмектің барлық қазіргі жеткізілімдерін тоқтату мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлаған болатын. Бұл көмектің құны миллиардтаған долларды құрайды.
Соңғы жаңалықтар




