АҚШ азаматтығын алып беремін деп 896 млн теңге жымқырған әйел сотталды
1308
Виза мен азаматтық уәде еткен әйел 6 жылға сотталды
Астанада шетел азаматтығын және виза рәсімдеуді уәде етіп, ірі көлемде ақша жинаған әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Іс материалдарына сәйкес, сотталушы АҚШ, Ұлыбритания және Еуропа елдеріне ұзақ мерзімді виза немесе азаматтық алып беруге көмектесемін деп жалған ақпарат таратқан. Ол бұл әрекеттерін екі жауапкершілігі шектеулі серіктестік арқылы жүзеге асырған, олардың бірі анасының атына тіркелген.
Жалпы 124 эпизод бойынша қаралған істің нәтижесінде жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 896 миллион теңгені құрады.
Сот үкімімен әйел 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оған туризм және көші-қон саласында кәсіпкерлікпен айналысуға 5 жылға тыйым салынды. Жазасын ол орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.
Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...