АҚШ пен Иран бітімге келді: олар қандай келісім жасады?
АҚШ пен Иран Пәкістанның араағайындығымен екі апталық атысты тоқтату туралы келісті, деп хабарлайды Politico.kz.
Трамп тараптар қақтығыста екі аптаға үзіліс жасауға келіскенін мәлімдеді. Осы кезеңде Иран Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігіне кепілдік береді.
«Біз Ираннан 10 тармақтан тұратын ұсыныс алдық және оны келіссөздер үшін жұмыс істейтін негіз деп санаймыз», — деді ол.
Америка басшысы сондай-ақ Иранның энергетикалық инфрақұрылымына ықтимал соққыларды екі аптаға шегеретінін айтты. Осы уақыт аралығында атысты тоқтату режимі күшінде болады.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі ел «үлкен жеңіске жетті» және АҚШ-ты 10 тармақтан тұратын жоспарды қабылдауға мәжбүр етті деп мәлімдеді. Олардың нұсқасы бойынша, Вашингтон мыналарды талқылауға келісті:
Ормуз бұғазына Иранның бақылауын сақтап қалу;
өтемақы төлеу;
Иранға қарсы санкцияларды алып тастау;
Иран тарапынан уранды байытуды жалғастыру;
АҚШ әскерін Таяу Шығыстан шығару.
Пәкістан премьері Шехбаз Шариф Иранды «жақсы ниет белгісі ретінде» бұғазды екі аптаға ашуға шақырды, сондай-ақ Трамптан Тегеранға қойылған ультиматум мерзімін кейінге қалдыруды сұрады. Иран СІМ басшысы Аббас Арагчи алдағы екі аптада Ормуз бұғазы қауіпсіз ашық болатынын айтты.
CNN деректеріне сәйкес, бітімге Израиль де қосылуы мүмкін. Келіссөздер 10 сәуірде Исламабадта өтеді.
Соңғы жаңалықтар