Ақтауда ит суға кеткен қызды құтқарып, өзі қаза тапты

Ақтауда Лорд есімді лабрадор 13 жастағы иесін ажалдан арашалап, ерлікпен қаза тапты. Қайғылы оқиға 18 тамызда болған.
Бұл туралы Lada.kz редакциясына иттің иесі Татьяна есімді қала тұрғыны хабарлады. Оның айтуынша, сол күні 13 жастағы қызы Богдана Лорд есімді итімен бірге 7А шағын ауданындағы теңіз жағасында серуендеп жүрген. Балалар таяз судағы тастардың үстімен жүрген кезде, кенеттен көтерілген қатты толқын қызды тереңге алып кеткен.
Богдана өздігінен жағаға шыға алмай, суға бата бастаған. Дәл осы сәтте оған өзінің адал досы Лорд көмекке келген. Куәгерлердің айтуынша, ит бар күшімен қызды жағадағы тастарға қарай итеріп, ол қауіпсіз жерге шыққанша тынбаған. Алайда, иесін құтқарған соң, өзінің жағаға шығуға шамасы келмей, суға батып кеткен.
Иесінің айтуынша, Лорд отбасында екі жыл өмір сүрген. Оның арнайы марапаттары болып, жасөспірімді қорғауға және оған қамқор болуға үйретілген. Ол Богдана үшін тек қорғаушы ғана емес, сонымен қатар нағыз дос еді.
«Лорд біздің отбасымыздың толыққанды мүшесі еді. Менің үш балам бар, кенже қызым небәрі бір жаста. Лорд тіпті сол сәбиге де қарайтын. Біз оны қатты сағынатын боламыз, бұл – орны толмас қаза», - деді иттің иесі көзіне жас алып.
Енді қара жамылған отбасы өздерінің адал досымен қоштасқысы келеді. Олар Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтарынан көмек сұрайды: қаза тапқан болған иттің денесін тапқандар болса, төменде көрсетілген телефон нөміріне хабарласуын өтінеді.
Байланыс нөмірі: +7 (747) 749-23-07.
Соңғы жаңалықтар





