Ақтаулық әйел TikTok-та арзан ет сатып, алаяқтық жасаған

01.01.2026 15:10 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Ақтаулық әйел TikTok-та арзан ет сатып, алаяқтық жасаған
0
70
pixabay

Lada.kz мәліметінше, күдікті 27 қараша күні TikTok-та aktauetsupnaborzakaz атты аккаунтта хабарландыру жариялап, келі етті 2500 теңгеден ұсынған. Ол 10 желтоқсанға дейін тапсырыс қабылдап, «алдағы жеткізілім» үшін алдын ала төлем жинаған, деп хабарлайды Politico.kz

Нәтижесінде кемінде 20 ақтаулық азамат алданып, әйелдің шотына шамамен 400 мың теңге түскені анықталды. Аталған алаяқтық схеманы киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әшкерелеген.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс тіркелген. Күдіктіге елден шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Полиция тұрғындарды интернет арқылы сауда жасағанда сақ болуға шақырады: тексерілмеген аккаунттарға ақша аудармау, пікірлер мен сатушының шынайылығын мұқият қарау қажет. Әсіресе нарықтағыдан күмәнді түрде арзан баға ұсынатын хабарландыруларға ерекше назар аудару ұсынылады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий