Ақтөбе облысында дрон құлады
1261
Ақтөбе облысында 29 сәуір күні таңертең дрон құлады, деп хабарлайды Politico.kz.
Жергілікті тұрғындар оқиға бүгін шамамен таңғы сағат 8:30-да Ресейдің Орск қаласымен шекаралас Әлімбет ауылының маңында болғанын айтты.
Куәгерлер ауыр заттың құлағанына ұқсас қатты дыбыс естігенін айтты. Қазіргі уақытта құзырлы органдар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.
Осы оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.
«Ақтөбе облысы Полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Қарғалы ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттардың табылу дерегі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде», - делінген полиция хабарламасында.
Полицияның мәліметінше, аталған нысан елді мекеннен тыс аумақта анықталған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
15.09.2026
19:52
Елена Рыбакина US Open турнирінде ұтып алған сы...
15.09.2026
19:48
Асхат Асылбеков: Шенеунік қанша ақылды болса да...
15.09.2026
19:29
"Қаңғыған әртіс деген атқа қалмай". Саят Медеуо...
15.09.2026
19:07
Саят Медеуов: Көлікті жақсы көремін, ішінде жыл...
15.09.2026
19:00
Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынас Жа...
15.09.2026
17:22
Онлайн жиында темекі шеккен мәслихат төрағасына...