Ақтөбеде ер адамды атып кетті

Ақтөбеде ер адамды атып кетті
Фото: ЖИ көмегімен жасалған

16 қараша күні Ақтөбе қаласында оқ жарақатын алған 49 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бетперде киген белгісіз біреу жеке тұрғын үйге қарақшылық шабуыл жасаған. Ол үйден ақша мен бағалы заттарды және жәбірленушінің автокөлігін иемденіп, оқиға орнынан бой тасалаған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта күдіктінің кім екенін анықтау және оны қолға түсіру мақсатында тергеу амалдары мен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу