"Сіздерге рақмет, тығылып келіп жатқандарыңызға": Тұрсынбек Қабатов екінші некесіне қатысты сынға әзілмен жауап берді
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов кезекті концерттерінің бірінде екінші рет шаңырақ көтеруіне байланысты айтылып жүрген сынға әзілмен жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі көпшіліктің талқысына түскен жеке өміріне қатысты ойын сахнада жеткізіп, өзін продюсер Баян Алагөзовамен салыстырды:
«Баян күйеуге шыққанда той көйлегімен Баянды қалай күшті етіп жаздыңыздар. Мен де қазір әйеліме той көйлегін кигізіп, той жасайыншы, бітті ғой. «Оңбаған! Осының концертіне кім барып жатыр! Бойкот! Ешкім бармаңдар. Қазақстаннан мүлдем шығарып жіберу керек. Осының концертіне кім барады» деп айтар еді. Сіздерге рақмет, тығылып келіп жатқандарыңызға», — деді әзілкеш.
Алайда желі қолданушыларының басым бөлігі әзілкештің бұл сөзін сынға алып, «Оның несі күлкілі, өз балалары жүр анасын қолдап, бұл тоқал алғанына мәз бе?», «Оңбаған екенің өтірік пе?», «Баян мен Дариға 14 жыл бойы ертегі айтып жүрмеді, бірден ажырасып кетті» деп жазса, енді бірі «Адамның жеке өмірін емес, өнерін бағалаңыздар» деп қолдау білдірді.
Соңғы жаңалықтар