Ақтөбеде прокурор ұсталды
2166
Ақтөбе облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратура қызметкерлері бірлесіп жергілікті прокурорды ұстады, деп хабарлайды Politico.kz.
Kazinform агенттігінің мәліметінше, жергілікті прокурор ұсталды.
«17 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі мен Бас прокуратураның ішкі қауіпсіздік департаменті бірлесіп Ақтөбе облыстық прокуратурасының қызметкерін құрықтады. Тиісті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Ақтөбе облысының прокуратурасы.
Ведомство өкілдері заңға сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.
Кейбір бейресми дереккөздер прокурордың 10 миллион теңге көлемінде пара алу үстінде ұсталғанын алға тартса, дәл осы уақытта Қостанай облысында Ішкі істер министрлігі академиясының жоғары лауазымды тұлғалары да құрықталғаны туралы ақпарат тарады.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
09:13
Тікелей эфирдегі ойынның соңы түрмемен аяқталды...
02.10.2026
23:53
Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар т...
02.10.2026
23:38
"Қазір тоқал алуға қарсымын". Роза Әлқожа іштег...
02.10.2026
23:25
Ақтөбе аспанынан дронға ұқсас белгісіз нысан ба...
02.10.2026
22:40
Дәрігерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа...
02.10.2026
22:36
97 келіге арықтаған модель: Асқазанымның 80%-ын...