«Ар-ұяты жоқ»: Ерке Есмахан күтпеген мәлімдеме жасады
1414
Алаяқтар танымал әнші Ерке Есмаханның атын жамылып, жұртты алдауға көшкені белгілі болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы әншінің оқырмандары жеткізген. Желі қолданушыларынан келген дәлелдерден кейін өнер иесі ресми түрде мәлімдеме жасауға мәжбүр болды.
«Оқырмандарымнан осындай ескерту көп келіп жатыр. Менің бұл ойынға түк қатысым жоқ. Ешкіммен бұлай сөйлеспегенмін, еш жерден мұндай ақша алмағанмын. Сенбеңіздер! Алданып қалмаңыздар, мұқият болыңыздар! Алаяқтарда ар-ұят жоқ, өтірік нәрсені, тіпті, таргетке жіберіпадамдарды алдауда», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әнші тыңдармандарына сақ болуды ескертіп, кез келген күмәнді сілтемеге немесе жарнамаға алданып қалмауға шақырды.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
09:29
Жаңа қорғаныс министрі әскери бөлімдерді аяқ ас...
05.10.2026
09:15
Параға планшет пен пеш: Астанада білім саласыны...
05.10.2026
09:05
«Кредиттен кредитке жүреміз»: Роза Әлқожа өнер ...
05.10.2026
08:43
«Басқалар айта алмайды»: Песков Тоқаевтың Путин...
05.10.2026
08:28
«Қасымда болуы тиіс бауырларым енді жоқ»: Каспи...
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды