Аша Матай мен Тамара Асар Құрылтай сайлауында дауыс берді
1393
Қазақстанда өтіп жатқан Құрылтай депутаттарының сайлауына өнер саласының өкілдері де қатысып, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
Олардың қатарында әнші әрі актриса, көпшілікке Аша Матай есімімен танымал Ақбота Асқарбекова мен әнші Тамара Асар бар.
Ақбота Асқарбекова дауыс беру сәтін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Өнер иесі бұл сайлауда «Қазақстан Халық партиясы» атынан Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде қатысып отыр.
Аша Матайдың кандидат ретінде тіркелуі бұған дейін әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын. Желі қолданушылары оның саясатқа араласуына қатысты түрлі пікір білдірді.
Ал Тамара Асар Астанадағы №274 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Әнші сайлау учаскесіне жұбайымен бірге келген. Таңдау жасағаннан кейін ол журналистерге қысқаша пікір білдірді.
«Біз өз таңдауымызды жасадық», – деді Тамара Асар.
Соңғы жаңалықтар
07.10.2026
20:26
"Ренжіп кеткенім жоқ". Қыран Талапбек неге Әзер...
07.10.2026
20:19
Джеки Чанмен кездескен вице-президентке жұрт не...
07.10.2026
20:00
Айдос Сарым желіде неге белсенді емес екенін айтты
07.10.2026
19:42
Тағы бір қызметкердің өлімі рас па? ДДСҰ Ресейд...
07.10.2026
19:35
Айдос Сарым: Қазір заң шығарушы биліктегілердің...
07.10.2026
19:13
“100 тоннадан астам газ жағылған”: Атырауда тұр...