Астанада балалар ауруханасынан өрт шықты
678
Астанадағы балалар ауруханасының ғимаратында өрт шықты. Оқиға орнындағы өртті елордалық ТЖД қызметкерлері жедел сөндірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Сарайшық ауданында Қошқарбаев көшесі бойында орналасқан балалар ауруханасының жертөлесіндегі электр қалқанынан өрт шыққан. Хабарлама түскеннен кейін екі минут ішінде алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жетіп, бірден тілсіз жауды ауыздықтауға кіріскен.
«Қауіпсіздік мақсатында науқастар мен аурухана қызметкерлері эвакуацияланды. Адамдар жақын маңдағы медициналық мекемеге, сондай-ақ ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдар ұсынған автобустарға орналастырылды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, жылыту пункті ұйымдастырылды», – деп хабарлады ТЖД.
Құтқарушылар 10 шаршы метр аумақты шарпыған өртті толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
Соңғы жаңалықтар
07.10.2026
17:07
Ақтауда ысталған балықтан уланған 9 жастағы бал...
07.10.2026
16:45
The World Financial Review: Қазақстан инвесторл...
07.10.2026
15:23
Ер адам жүкті әйелдің ішін жарып тастады
07.10.2026
14:17
Шымкенттегі тойханада 13 жастағы жасөспірім көз...
07.10.2026
13:59
«Бәрін жария түрде айта алмаймыз»: Сайыров Ресе...
07.10.2026
13:53
Қазақмыстың бастамасымен Балқаштың орталық саяб...