Астанада жүк көлігі велосипед мінген жасөспірімді қағып кетті
Астанада жүк көлігі мен велосипедші қатысқан жол апаты салдарынан жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы оқиға 26 мамыр күні Тәуелсіздік даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында болған. Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, «Mercedes» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Тәуелсіздік даңғылымен келе жатып, Пушкин көшесіне оңға бұрылған кезде жолды кесіп өтіп бара жатқан велосипедшіні қағып кеткен.
Салдарынан кәмелетке толмаған жасөспірім оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүк көлігі коммуналдық тұраққа қойылып, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға, жаяу жүргіншілер өткелдері мен мектеп, аула маңында аса мұқият болуға шақырды. Сонымен қатар, жолда велосипедшілер мен жаяу жүргіншілердің барын ескеруді еске салды.
Соңғы жаңалықтар