Атырауда із-түссіз жоғалған отбасы ісі: Күдіктінің әкесі тың деректерді айтты

11.02.2026 10:11 Қарақат АСЫЛОВА
Атырауда із-түссіз жоғалған отбасы ісі: Күдіктінің әкесі тың деректерді айтты
135
Фото: kznews.kz
«Маған көп хабарласпайтын»: күдіктінің әкесі тың деректерді ашты

Атырау облысында із-түссіз жоғалған отбасыға қатысты жаңа мәліметтер жария болды. Бұл туралы Qazaq Airan YouTube арнасы хабарлады, деп мәлімдейді Politico.kz.

Бұған дейін арна тілшілері Атырау өңіріне арнайы барып, іздеуде жүрген күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің жақын туыстарымен тілдескен. Сол сапар барысында эфирге енбей қалған кейбір деректер енді көпшілік назарына ұсынылды.Бұл жолы күдіктінің әкесі сұхбат беріп, көпшілік біле бермейтін жайттарды баяндады. Оның айтуынша, әкесі мен баласының арасындағы байланыс өте сирек болған.

«Анасымен сөйлесіп жүрген шығар, ал менімен өте сирек хабарласады. Маған көп қоңырау шалмайды. 30 қараша күні келіп, екі үлкен баласын алып кеткенін естідім. Балаларға қысқы күрте мен аяқ-киім сатып алыпты дейді, бірақ оны өз көзіммен көрген жоқпын. Кейін екі баласын таксиге отырғызып, үйлеріне жіберген. Содан кейін мүлде хабар болмады», – деді ол.

Айта кетейік, аталған оқиғаға байланысты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Құзырлы органдар ресми ақпаратты жариялаған жоқ. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий