Атырауда құлдықта болды деген қырғызстандық табылды

07.04.2026 13:14 Арман Ермеков
Атырауда құлдықта болды деген қырғызстандық табылды
273
Қырғызстандық Мақсат Ишенбаев табылды | Фото: 24.kg

Атырауда еңбек құлдығында болып, кейін Хромтау қаласында далада қалды деген қырғызстандық табылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін қырғызстандық басылымдар Мақсат Ишенбаев есімді Қырғызстан азаматының Атырау қаласында еңбек құлдығында болғанын жазған еді. Ақпаратта ол құлдықтан қашып шығып, құжатсыз әрі қаражатсыз қалғандықтан Хромтау көшелерінде 3 ай бойы өмір сүруге мәжбүр болғаны айтылған.

Осы ақпарат жайлы politico.kz Ақтөбе облысының полиция департаментіне сауал жолдады. Ведомствоның баспасөз қызметі ер адамның құлдықта ұсталғаны туралы мәліметтің жалған екенін мәлімдеді.

«Әлеуметтік желілерде ер адамды құлдықта ұстады деген ақпарат тарауда. Бұл дерек бойынша полиция қызметкерлері дереу тексеру жүргізді.

Ер адам Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы Самара – Шымкент автожолының бойында орналасқан Шерхан кемпингінің аумағында табылып, полиция бөліміне жеткізілгені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша ол тұрақты тұрғылықты жері жоқ адам, өзімен бірге құжаттары жоқ.

Қазіргі уақытта оның жеке басын анықтау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда.

Тексеру барысында құлдықта ұсталды деген мәліметтің шындыққа жанаспайтыны және расталмағаны белгілі болды. Оған қатысты құқыққа қайшы әрекеттер белгілері анықталған жоқ», – деп жауап берді баспасөз қызметі.

Сонымен қатар полиция әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Мамандар азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген мәліметтерді бөліспеуге шақырады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий