Атырауда ұлының арызынан кейін қамауда отырған ер адам өзіне қол салды
1976
Атырау қалалық полиция басқармасының арнайы қабылдау орнында әкімшілік қамауда отырған 55 жастағы ер адам өлі табылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, 2026 жылы 29 наурызда арнайы қабылдау орнында 1974 жылы туған азаматтың денесі анықталған. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 2 бөлігі (отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік жазасын өтеп жатқан.
Марқұм 25 наурыз күні 2003 жылы туған ұлының арызы негізінде 10 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды.
Полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.
«Өз-өзіне қол жұмсау» дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүлдесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - деп хабарлады облыстық полициядағылар.
Соңғы жаңалықтар
12.08.2026
23:26
Алимент үшін жанжал: Рудный тұрғыны сот орындау...
12.08.2026
22:23
Астанада Ұлы Отан соғысының ең соңғы майдангері...
12.08.2026
21:21
«Әкімдік қайда қарап отыр?!»: Алматыда егеуқұй...
12.08.2026
20:20
«Мынаны жол деп қалай қабылдаймыз?» Талдықорған...
12.08.2026
19:23
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты: Төрт...
12.08.2026
18:26
15 млн қазақстандықтың дерегі тарады деген ақпа...