Атырауды бес күннен бері түтін басып тұр: қамыс өрті тоқтар емес, тұрғындар тұншығуда
730
Қаланы қалың түтін басып, ауа сапасы күрт нашарлады
Атырауды бес күннен бері түтін басып тұр: қамыс өрті тоқтар емес, тұрғындар тұншығуда
Атырау қаласында қамыстың жаппай өртенуі бесінші күн қатарынан тоқтар емес. Қаланы қалың түтін басып, ауа сапасы күрт нашарлады. Әлеуметтік желідегі мәліметтерге сәйкес, өртті сөндіруге бағытталған шаралар әзірге нәтиже бермей жатыр.
Тұрғындардың айтуынша, түтіннің әсерінен бас ауруы, жүрек айну, құсу және әлсіздік секілді белгілер пайда болған. Әсіресе балалар мен тыныс алу жүйесінде созылмалы дерті бар азаматтарға ауыр тиюде.
Стационарлық экологиялық бақылау пункттерінің деректеріне сүйенсек, ауадағы сероводород мөлшері қалыпты деңгейден 18 есе артық.
Қазір әлеуметтік желілерде экологиялық ахуалға байланысты төтенше жағдай жариялау туралы талаптар жиілеп кетті. Тұрғындар жергілікті биліктен нақты әрі жедел әрекет күтуде.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады