Әуе апатының құпиясы: қара жәшіктердің деректер Қазақстанға жеткізілді

Әуе апатының құпиясы: қара жәшіктердің деректер Қазақстанға жеткізілді
07.01.2025 11:49
0
874
Азамат Сарсенбаев / Reute
Azerbaijan Airlines ұшағының деректері Қазақстанда талданады

Ақтау маңындағы әуе апатының қара жәшіктері Қазақстанға жіберілді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бразилия, Әзербайжан және Ресей мамандары Azerbaijan Airlines ұшағының қара жәшіктерін зерттеуді аяқтады. Әуе апатының себептерін анықтау үшін алынған барлық деректер Қазақстанға жіберілді.

2024 жылдың 25 желтоқсанында Баку мен Грозный арасындағы рейсті орындаған ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Әуе апаты кезінде бортта болған 62 жолаушының 38-і қаза тапты, олардың арасында алты қазақстандық бар. Сонымен қатар, екі бортсерік пен 29 жолаушы аман қалды.

Әуе апаты орын алғаннан кейін апат орнында екі борттық жазба құрылғысы табылды. Бұл деректерді зерттеуге Бразилияның үш тергеушісі, сондай-ақ Әзербайжан мен Ресей мамандары қатысты. Алынған мәліметтер Қазақстанда қосымша талданады және апаттың себептері бойынша қорытынды шығарылады.

Ақпарат oglobo.globo.com сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или