Әйелімен ажырасқан Тұрсынбек Қабатов қазір қалай өмір сүруде?
Тұрсынбек Қабатов кезекті даудың ортасында қалды, бірақ бұл жолы жанкүйерлердің барлығы оны қолдады деп айту қиын, деп хабарлайды POLITICO.KZ Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.
Даулар мен қылмыстық істер
2019 жылы әртіске тиесілі жол талғамайтын көлік адамды қағып, оның өліміне себеп болды. Рөлде әртістің өзі емес, басқа жүргізуші отырған. Алайда адам өліміне кінәлі бұл жүргізуші сақтандыруға енгізілгенімен, көлік жүргізуге құқы болмауы тиіс еді, себебі сол кезде оның жүргізуші куәлігі тәркіленген болатын. Тағы бір қызығы — тергеудің басында ол Қабатов бұл жайтты білген деп айтқан, бірақ кейін өз айғақтарын өзгерткен. Сонымен қатар сараптама жүргізушінің жеңіл мас болғанын көрсетті.
Тергеу барысында көптеген заңбұзушылықтар болғаны хабарланған. Соған қарамастан, іс 2021 жылы сотқа жетті. Жүргізушінің айыбы дәлелденіп, сот оны 4 жылға колонияға қамауға үкім шығарды. Сондай-ақ марқұмның анасы мен жесіріне тиісінше 3,5 млн және 4 млн теңге өндіру міндеттелді. Жесірге жол талғамайтын көліктің иесінен, яғни Қабатовтан, 4 млн теңге төленуі тиіс еді, бірақ Қабатов бұл шешімге шағымданды. Алайда апелляция қанағаттандырылмады.
2021 жылы тағы бір дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сол кезде 17 жаста болған Қабатовтың қызы Әдемі сынақ ҰБТ-ны онша жақсы тапсырмағандықтан, негізгі тестке оның орнына басқа бір қыз барған. Ол қыз грантпен оқитын ЖОО студенті болып шықты.
Бұл жағдайға кейін Әдемі қосымша дайындалған білім беру орталығының басшысы айыпты деп танылды. Қабатов болса, қызына ҰБТ-дан жоғары балл мүлде қажет емес еді, өйткені ол шетелге оқуға түспек болғанын айтып ақталды. Шынымен де, ол кейін Дубайға оқуға кетті, ал педагог бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
2023 жылы белгілі ақын ерлі-зайыптылар өзіне қаламақы төлемей қойғанын, ал Мөлдір оның артық салмағы туралы айтқан сөздерімен қорлап, домбырасын тартып алғанын мәлімдеді.
Айта кетсек, биылғы жылдың 4 қарашасында әзілкештің бұрынғы жұбайына тиісті лицензиясыз ұтыс ойындарын өткізгені үшін 600 мың теңге айыппұл салынды.
Мөлдір Мұқанованың сұхбаты
Жақында Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге эксклюзивті сұхбат берді.
Әзілкештің бұрынғы жұбайы жұрт алдына талай екіұшты, жағымсыз жайттарды жайып салды. Мәселен, оның айтуынша, ол 14 жыл бойы Тұрсынбектің көңілдесіне шыдап келген, ал Қабатов сол әйелге пәтер мен көлік сыйлаған. Сонымен бірге, 2023 жылы Мөлдір егер күйеуі тоқал алса, оны тастайтынын айтқан еді.
Бірақ ең бастысы – ол олардың бес баласы әкесін қатты сағынатынын, жылап, «әкеме фото жіберейікші» деп өтінетінін айтты. Алайда Тұрсынбек Мөлдірді де, балаларды да бұғаттап тастағандықтан, хабарламалар мен суреттерді жібере алмай қалған.
Көпшілік мұны Мөлдірдің жаңа фильміне назар аударту үшін жасағаны шығар деп күмәнданды. Дегенмен оны бұл әрекеті үшін қолдағандар да аз емес.
Реакция
Тұрсынбектің өзі балаларды бұғаттады деген Мөлдірдің сөзін жоққа шығарды. Шоумен стористе балаларын жақсы көретінін, оларды ешқашан бұғаттамағанын және үнемі сөйлесіп тұратынын жазды. Бұрынғы жұбайының басқа айыптауларына ол ешқандай түсініктеме берген жоқ.
Осы мәлімдемеден кейін Қабатов балаларымен бірге түсірілген стористер жариялап, оларды қаншалық жақсы көретінін жазып отырды.
Қабатовтың қыздарының бірі Айым тіпті TikTok-қа әкесінің қолында отырған бала кезіндегі суретін жариялап, «менің әкем туралы жаман айтпаңыздар» деп өтінді.
Мөлдір Мұқанованың айтқан сөздері көрермендердің бір бөлігінің Қабатовтан түңіліп, оны қолдауды тоқтатуы үшін жеткілікті болды.
Мұны оның Қазақстан қалаларындағы гастрольдік сапарындағы видеолардан да байқауға болады. Иә, адамдар көп, олар қол шапалақтауда, бірақ шағын залдардың өзіндегі бос орындар бәрін айтып тұр.
Бұдан бөлек, бірнеше қыз әртіске қатысты жағымсыз оқиғаларын жариялады, оның ішінде бұл даудан көп бұрын болған жайттар да бар.
Алайда, Тұрсынбек Қабатовтың шынайы көрермендері оны кешіруге дайын секілді. Тұрсынбек сахнада отбасылық құндылықтар туралы әзілін жалғастыра беретін анық.
Соңғы жаңалықтар