БАҚ: Трамптың Қырым мен Донбассқа қатысты жоспары өзгермейді

АҚШ президенті Дональд Трамптың жоспары бойынша Ресейдің Украинада азат етілген Донецк және Луганск халық республикалары аумақтары мен Қырымды өз құрамында сақтауы "тасқа қашалып жазылғандай" бекітілген, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы Times газеті өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.
Бұған дейін Трамп Қырымды Ресейдің құрамында қалдыруды көздейтін Украина қақтығысын реттеу келісімі аясында мәлімдеген болатын. Газет жазғандай, Трамптың Ресейдің бақылауында қалған аумақтарды сақтап қалу жоспары нақты айқындалған және Владимир Зеленскийге бейбіт келісімді қабылдауға қысым жасалып жатқан тұста өзекті болып отыр.
Times дереккөзіне сүйенсек, АҚШ-тың Украина бойынша арнайы өкілі Стивен Уиткоффқа жақын тұлғалар Трамптың Римде Рим Папасы Францисктің жерлеу рәсімінде Зеленскиймен кездесуі мүмкін екенін айтқан. Олар Зеленскийдің келісімді қабылдаудан басқа амалы жоқ деп санайды. Сондай-ақ басылым мәліметінше, Трамп келісімге қол жеткізілмесе, келесі аптада келіссөздерден шығып кететінін ескерткен.
Бұдан бөлек, дереккөз АҚШ Украинаға қаржылық көмек көрсетуді тоқтатса, оның әсері қару-жарақ жеткізілімін тоқтатумен бірдей болатынын атап өткен. Өйткені Украина осы қаражатты басқа одақтастарынан қару сатып алуға пайдаланып отыр.
Washington Post газеті сәрсенбі күні Украина билігінің аумақтық жеңілдіктерге келісуден бас тартқанына байланысты АҚШ-та наразылық туындағанын жазды. Киев билігі ең алдымен атысты толық тоқтату мәселесін талқылауды қалайтынын алға тартқан.
Ал сейсенбі күні басылым АҚШ Лондонда өткен Украина қақтығысын реттеу жөніндегі кездесуде еуропалық елдер мен Украинаны Қырымның Ресейге тиесілі екенін мойындауға көндіруге тырысқанын хабарлады. Мұның орнына Киев режиміне қауіпсіздік кепілдіктері ұсынылуы мүмкін болған.
Сол күні Трамп Зеленскийдің Қырымның Ресейге тиесілі екенін мойындаудан бас тартқан мәлімдемесін сынға алды және мұндай қадам бейбіт келіссөздер процесіне кері әсер ететінін атап өтті. Бұған дейін Agence France-Presse агенттігі Украинаның АҚШ президентінің арнайы өкілі Кит Келлогпен Лондонда кездесу өткізетінін хабарлаған еді.
Соңғы жаңалықтар





