Батыс Қазақстанда бірнеше адам үсіп өлді
Батыс Қазақстан облысында үш адам үсіп қайтыс болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Өңірдегі құтқарушылар далада үсіп қалған үш адамның мәйітін тауып алды.
«Олар – Жәнібек ауданының 56 жастағы тұрғыны және Бөкей ордасы ауданының 25 жастағы тұрғыны. Олардың қайтыс болғаны туралы бұрын хабарлаған болатынбыз. Бүгін түске таман Казталов ауданының 35 жастағы тұрғыны өлі күйінде табылды», - деп хабарлады облыстық полиция.
Сондай-ақ Ақжайық ауданының 54 жастағы тұрғыны тірі табылды, алайда аяғы үсіп қалған. Ол Оралдағы ауруханаға жеткізілді.
Жәнібек ауданының 59 жастағы тұрғынын іздеу жалғасып жатыр. Ол 13 желтоқсан сенбіде қарлы боранда қыстаудан мал іздеуге кетіп, қайтып оралмаған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.11.2026
11:50
Назарбаевтың орнына Қонаев: елімізде жаңа петиц...
11.11.2026
11:35
Әкім кетті, орынбасары кетті: Атырауда тағы бір...
11.11.2026
11:16
Алматы әуежайында жұмысшы көз жұмды
11.11.2026
11:09
«Қазақмыс» өндірісті жасанды интеллект арқылы б...
11.11.2026
11:05
"Неге олай жасадың?": ҚазҰУ жатақханасында қаза...
11.11.2026
10:59
Қазақстанда ғылымға бөлінген 51 млрд теңгенің қ...