Берік Уәли бірыңғай уақыт белдеуіне тұрғындардың қарсылығы жоқ екенін айтты
853
Абай облысының тұрғындарының уақытты ауыстыруға шағымы жоқ. Облыс әкімі Берік Уәли осылай деп сендірді Мұндай мәлімдемесі облыстың әкімі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Тұрғындар арасында уақыт ауысуына қатысты нақты наразылық немесе қарсылық жоқ. Қазіргі жағдай тұрақты», – деді әкім журналистердің сұрақтарына жауап бергенде.
Уәлидің айтуынша, мектептер мен емханалар таңғы сегізде жұмысын бастайды, бұл тұрғындарға ыңғайлы болып отыр. Басқа өңірлерде мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс кестесі өзгертілгенімен, Абай облысында қызметкерлер бұл қадамға қарсы шыққан.
«Қызметкерлер біз бір сағатқа ұзақ жұмыс істегіміз келмейді деп айтты. Бастапқыда сегізде бастасақ, кеш бітеді», – деді әкім.
Мектептерде сабақ ұзақтығы 40 немесе 45 минутқа бейімделген, бұл жүктеме мен ауысымдық тәртіпке байланысты. Әкімнің айтуынша, облыста уақыт басталуына байланысты ешқандай қарсылық жоқ.
Соңғы жаңалықтар
30.09.2026
15:03
Алматыда 9 жасар балаға зорлық жасалғаны туралы...
30.09.2026
14:25
«Сұранса, бір жері кеміп қала ма?»: Гүлзира Айд...
30.09.2026
13:58
Азат Перуашевке жасалған кибершабуылдан кейін п...
30.09.2026
13:22
«Әкем сияқты болғым келмейді»: Тәуекел Мүсілім ...
30.09.2026
12:54
Ғалым Қазақстанды шикізат сатумен шектелмей, өз...
30.09.2026
12:44
Қазақстандықтар тапқан ақшасының басым бөлігін ...