«Блоктан шығарды»: Мөлдір Мұқан Тұрсынбек туралы ел естімеген шындықты айтты

08.12.2025 09:00 Әсел Мұрат
 «Блоктан шығарды»: Мөлдір Мұқан Тұрсынбек туралы ел естімеген шындықты айтты
0
156
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Мөлдір Мұқан мен Тұрсынбек Қабатов

Танымал продюсер, әнші Мөлдір Мұқанова бұрынғы күйеуі Тұрсынбек Қабатов пен балаларының қарым-қатынасы туралы күтпеген ақпаратпен бөлісті,  деп хабарлайды POLITICO.

Журналист Жанар Байсемізге берген бұған дейінгі сұхбатында продюсер бұрынғы күйеуі балалардың нөмірін бұғаттағанын айтқан еді. Алайда кейін бұл ақпаратты Тұрсынбек Қабатовтың өзі жоққа шығарған болатын.

Мұқанова сол сұхбаттан кейін Қабатов алғаш болып балалармен байланысқа шыққанын атап өтті.

«Сол сұхбаттан кейін балаларға хабарласып, сөйлесті. Әдемі басқа елде оқып жатыр. Қызына "Әдемі, саған рақмет" деп айтқан екен. Жүрегі елжіреп, кішкене дауысы дірілдеп тұрған екен. Әдемі оған: "Папа, не үшін рақмет айтып жатырсыз? Сіз менің әкемсіз ғой. Мен де сізді сағындым. Хабарласқаныңызға рақмет" деп жауап беріпті. Әкелерінің жүрегі өте кең адам ғой. Бұл – уақытша қателік. Дәл сол уақытта балалардың нөмірін бұғаттапты. Сол сәтте өзім қасында болмағаннан кейін Тұрсынбектің өзі бұғаттады ма, әлде қасындағы адамдар бұғаттады ма? Біз білмейміз ғой. Сондықтан мен тек фактілерді айтамын. Қаншама уақыт бойы біз хабарласа алмай, жазбаларымызға жауап ала алмадық. Бір-ақ галочка ғана көрінетін. Телефоннан қоңырау бармады, байланысқа шыға алмай қалдық. Қиналып кеттік, сағындық, жыладық… Әсіресе Айару мен Нұриман… Сондай сәттер болды. Сол сәтте эмоцияға беріліп осындай қиыншылықты айтып қойдым», – деді Мөлдір Мұқанова.

Әншінің айтуынша, бұл жағдай отбасындағы уақытша түсініспеушіліктерден туындаған.


 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий