Боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешім шықты
1303
WBO-ның жаңартылған рейтингінде Әлімханұлы өз дивизионында әлем чемпионы ретінде сақталған. Ал міндетті үміткерлер қатарында британдық Дензел Бентли, венесуэлалық Эндри Сааведра және кубалық Йоэнлис Эрнандес аталады, деп хабарлайды Politico.k.
Айта кетейік, желтоқсанның басында 7 желтоқсанға жоспарланған Жәнібек Әлімханұлы мен WBA чемпионы Эрисланди Лара арасындағы біріктіруші жекпе-жек қарсаңында қазақстандық боксшының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний препараты анықталған болатын. Осыған байланысты жекпе-жек кейінге шегеріліп, WBO аталған жайт бойынша ішкі тексеріс жүргізе бастады.
Қазіргі таңда допинг сынамасының «B» үлгісін ашу 8 қаңтарға белгіленген. Егер екінші сынама да оң нәтиже берсе, Әлімханұлына дисквалификация қаупі төніп, чемпиондық атақтарынан айырылуы ықтимал.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады
04.10.2026
11:25
Талдықорғанда әйелін жарақаттап, қарумен қорқыт...