Данияр Елеусіновтің әйеліне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр

30.03.2026 12:28 Әсел Мұрат
Данияр Елеусіновтің әйеліне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр
239
Фото: әлеуметтік желіден

Майқұдық полициясы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің әйелі Саида Елеусіноваға қатысты Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы бойынша істі тергеп жатыр. Бұл жайлы Қарағанды облыстық полиция департаменті Azattyq Rýhy  редакциясының ресми сауалына берген жауабында жазған, деп хабарлайды Politico.kz.

Естеріңізге салсақ, наурыздың басында Қарағанды қаласында Данияр Елеусіновтің жұбайына қатысты тұрмыстық жанжал қоғам назарына іліккен болатын. Оқиға көршілер арасындағы түсініспеушіліктен басталған. Жәбірленушілер спортшының әйелі өздеріне күш қолданды деп айыптаса, Саида Елеусінова бұл жағдайды жай ғана тұрмыстық дау деп түсіндіріп, көршілерін күйеуінің атын пайдаланып, мәселені ушықтырды деп есептейді. Екі тарап та бір-біріне қарсы арыз жазған.

Департамент хабарлағандай, Майқұдық полициясы бөлімінде Қылмыстық кодексінің 108-1-бабы бойынша екі іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелген.

«Аталған қылмыстық істердің тергелу барысында бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, қорытындыларына сәйкес қылмыстық істер бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Басқа ақпарат қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейді», - делінген сауалдың жауабында.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бабы бойынша чемпионның әйелі екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазалануы әбден мүмкін.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий