Денсаулық сақтау министрі Ақтаудағы ұшақ апатынан тірі қалғандар туралы айтты
1037
Ақтаудағы ұшақ апатынан алты адам аман қалды: жағдайлары ауыр
Бакуден Грозныйға бағыт алған Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының ұшағы Ақтауда апатқа ұшырады. Ұшақ бортында экипаж мүшелерін қоса алғанда 67 адам болған. Оқиға орнына шұғыл қызметтер жіберіліп, зардап шеккендерге көмек көрсетілуде, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың мәлімдеуінше, алты адам тірі қалған, бірақ олардың жағдайы ауыр. Министрдің айтуынша, Ақтауға санавиация ұшағымен травматолог, нейрохирург және өзге де мамандар жіберіледі.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 12 адам түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жеткізілген, олардың арасында бір бала бар.
Зардап шеккендердің өмірін сақтау үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Оқиғаның себебі анықталуда.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
20:12
Алматы облысында балаларды ұрған мешіт ұстазы ж...
05.10.2026
20:10
"Бір күнде көлік пен ақшамнан айырылдым": Дана ...
05.10.2026
19:48
Жамбыл облысында 15 жастағы оқушы төбелесте қаз...
05.10.2026
19:23
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында Оман Сұлт...
05.10.2026
18:43
Атырауда бутик ашылуындағы абыр-сабыр: Жалға ал...
05.10.2026
18:01
Каспийдегі қасіреттен кейінгі тексеріс: 13 қылм...