Дикий Арманға шыққан үкім өзгеріссіз қалды
633
Алматы қалалық соты Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арман) ісіне қатысты апелляциялық шағымды қарады. Десе де, үкім өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
26 қарашада Алматы қалалық соты Арман Жұмагелдиевтің ісіне қатысты апелляциялық шағымды қарады. Десе де, үкім өзгеріссіз қалды. Сот отырысы жабық форматта өтті.
Айта кетейік, 2025 жылдың қаңтарында Арман Жұмагелдиев бірнеше бап бойынша кінәлі деп танылды. Дикий Арман:
- Қылмыстық кодекстің 262-бабы (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) бойынша 9 жылға;
- Қылмыстық кодекстің 268-бабы (Бандитизм) бойынша 16 жылға;
- Қылмыстық кодекстің 272-бабы (Жаппай тәртіпсіздіктер) бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Дикий Арманға қоғамдық және саяси қызметке араласуға тыйым салынып, 20 жылға сотталды.
Жұмагелдиевпен бірге экс-депутат және кәсіпкер Қайрат Құдайберген және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов та сотталды.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...