Дикий Арманның әйелі күйеуі туралы күтпеген мәлімдеме жасады
Қырғызстандық модель және актриса Айкөл Әликжанова мен Дикий Арманмен ажырасқанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның айтуынша, олар заңды некеде болған, бірақ ажырасу туралы шешімді Арманның өзі қабылдаған.
«БАҚ мен туралы түрлі ақпараттар тарата бастапты. Арман екеуіміз ресми некеде болғанбыз. Біз үлкен махаббатпен үйлендік және оның бастамасымен ажырасып жатырмыз. Мен оны күтіп, қолдауға дайын едім. Бірақ Алла басқаша шешті», деп жазды Айкөл.
Олардың бір қызы бар, ол — Арманның жалғыз баласы. Сондай-ақ, Айкөлдің сөзінше, Арманда бұған дейін ресми неке де, бала да болмаған.
«Арман екеуіміздің ортақ қызымыз бар. Арманның маған дейін ешкіммен ресми некесі, баласы болмаған. Арман екеуіміздің арамызда ешқандай реніш, дұшпандық жоқ, қызымызды бірге өсіреміз. Ажырасу маған өте ауыр тиіп жатыр. Бұл — сіздер білуге тиіс барлық ақпарат, өйткені бұл жеке мәселе. Мен барлық мән-жайды бүкіл жұртқа жариялауды ойламаймын және өсек-аяңды тоқтатуды сұраймын», - деп жазды Айкөл.
Айкөл Аликжанова «Дикий Арман» екеуінің неке куәлігін жариялады.

Айкөл Аликжанова — «Мисс Кыргызстан — 2014» және «Мисс Интернет KG — 2012» байқауларының жеңімпазы.
Еске салсақ, Арман Жұмагелдиев 2025 жылы 27 қаңтарда ұйымдасқан қылмыстық топ құру, бандитизм, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру, адам ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айыру баптары бойынша кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Соңғы жаңалықтар