Димаштың мейрамханасын сынап, шу шығарған ресейлік блогерді Астанада ұрып кетті

06.04.2026 13:29 Әсел Мұрат
Димаштың мейрамханасын сынап, шу шығарған ресейлік блогерді Астанада ұрып кетті
836
Фото: ашық дереккөз

Ресейлік блогер Азамат Айталиев Астананың орталығында өзіне шабуыл жасалғанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Бәйтерек маңындағы жанжалдан кейін ол полицияға жүгініп, кейін жарақаттарын құжат түрінде тіркеу үшін ауруханаға барған.

Оқиға туралы Айталиев өзі жариялаған видеода айтты. 

Оның сөзінше, бәрі белгісіз ер адаммен сөзге келуден басталған. Блогердің айтуынша, өзара балағаттаудан кейін әлгі адам кенеттен төбелеске көшкен.

Видеода Айталиев полицеймен сөйлесіп, оған ер адамның алдымен өзін қорлағанын, кейін шабуыл жасағанын түсіндіреді. Кейін блогер жазылушыларына үндеу жасап, өзіне «есалаң ер адам» шабуыл жасағанын айтты.

Оқиғадан кейін Айталиев ауруханадан да видео жариялады. Онда ол саусағын рентгенге түсіру қажет екенін айтты. Сондай-ақ блогер ерін тұсынан да соққы алғанын айтып шағымданды.

Қазіргі уақытта шабуыл жасаушының ұсталған-ұсталмағаны әзірге белгісіз.

Азамат Айталиев 1989 жылы 30 сәуірде Астраханьда дүниеге келген. Ол әлеуметтік желілерде 2021 жылы ресейлік «Модный приговор» бағдарламасына қатысқаннан кейін және TikTok-тағы аккаунтын ашып, Қызыл алаңда билеген видеосы кеңінен тараған соң танымал болды. Сол кезде интернетте оның «Уау! Бұл кім өзі? Азамат Айталиев» деген танымал сөзі де кең тарады. Қазіргі таңда ол әлеуметтік желілерді белсенді түрде жүргізіп, өзін хореограф ретінде танымал болып жүр.

Бұған дейін ресейлік блогер Азамат Айталиев Димаш Құдайбергеннің қазақы стильдегі мейрамханасы «Дайдидауды» сынап шу шығарған еді.

«Ұрыс-керіс! Айқай-шу! Димаштың Астанадағы мейрамханасы "Дайдидауда», деп жазды ол желідегі парақшасында. 

Блогердің сөзінше, мейрамханада тапсырыс берген тағамы мәзірдегідей болмай шыққан.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий