Динара Сәтжан қонақтары әкелген қымбат сыйлықтарымен тағы да мақтанды (ВИДЕО)

28.10.2025 17:25 Нақыпбек Фатима
Динара Сәтжан қонақтары әкелген қымбат сыйлықтарымен тағы да мақтанды (ВИДЕО)
0
401
Фото: instagram/dinarasatzhan

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан жуырда ғана көшкен жаңа үйінен видео жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Биыл кәсіпкер Жұмабек Жанықұловқа тұрмысқа шыққан ол күйеуі алып берген жаңа үйіне әр апта сайын қонақ шақырып жатқанын айтты.

«Жаңа апта - жаңа қонақтар», - деді ол видеода.

Кадрлардан Динараға көп қонақ келгенін көруге болады. Бірі оған қымбат сыйлықтар мен сувенирлер әкелсе, енді бірі брендті туфли сыйлаған.
Қонақтарға арнап өзі ас әзірлемей, арнайы аспаз жалдағанын мақтанышпен көрсеткен Динара ұсынған мәзірімен де бөлісті.

@dinara_satzhan

Мен қонақ күтуді бала кезімнен жақсы көремін. Маған әсіресе күні бойы дайындықтың, әр сәті ерекше унайды. Қонақ келетін мезетті асыға күтесің - уйде кулкі, дем тату, әңіме мен энергияға толы сәт лезде орнайды. Осының бері баға жетпес сезім!

♬ оригинальный звук - Динара Сатжан
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий