“Дүкенге кеткен еді”: Алматыда із-түзсіз жоғалған жігітке қатысты тың дерек шықты

23.05.2026 10:55 Қарақат АСЫЛОВА
“Дүкенге кеткен еді”: Алматыда із-түзсіз жоғалған жігітке қатысты тың дерек шықты
269
Алматыда жоғалған ер адамды туыстары мен полиция іздеп жатыр

Алматы қаласында 25 жастағы ер адам Ерзат Егізбайдың жоғалып кеткеніне төрт күн болды, деп хабарлайды Politico.kz сайты КТК-ға сілтемемен.

Оқиға оның жұмыс күні ішінде болған. Жақындарының айтуынша, ол құрылыс нысанында геодезист көмекшісі болып жұмыс істейді. Сол күні түстен кейін Ерзат басшылықтан қысқа уақытқа дүкенге шығатынын айтып, сыртқа кеткен. Алайда содан кейін үйіне қайтып оралмаған.

Туыстары оның жанжалды жағдайларға немесе құқық қорғау органдарының назарына ілікпегенін айтады. Ер адамның бұрын да үйінен ескертусіз кетпегені хабарланды.

Кейін белгілі болғандай, ол Райымбек даңғылы маңындағы метро станциясынан шығып, басқа бетке өтіп, автобуста отырған. Соңғы рет оның телефоны Еңбекшіқазақ ауданы, Космос ауылы бағытында қосылған. Қазір ұялы байланысы өшіп тұр.

Іздеу жұмыстарына туыстары, еріктілер және полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Жақындары Ерзатты көрген-білгендер болса, дереу хабарласуды сұрайды.

Войдите, чтобы оставить комментарий