Елімізде жер сілкінісі сезілді
1291
Қазақстандық сейсмологтар Түркістан облысында 2 балдық жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 3 қарашада Астана уақытымен 01:29-да жер сілкінісін тіркеген.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 1079 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан. Тереңдігі – 120 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 14,2. MPV магнитудасы – 6,2", – делінген хабарламада.
Түркістан облысында есептік қарқындылығы мынадай:
- Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті – 2 балл,
- Жетісай ауданы, Жетісай қаласы – 2 балл,
- Шардара ауданы, Шардара қаласы – 2 балл.
Кейінірек ТЖМ жер сілкінісі Шымкент қаласында да сезілгенін, оның күші 2 балл болғанын хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
23:32
Қаза тапқан матростың денесі таксимен жеткізілд...
25.09.2026
22:49
Тоқаев қаза болған сарбаздарды мемлекеттік нагр...
25.09.2026
21:46
Данияр Елеусінов тағы да дауға қалды: FlyArysta...
25.09.2026
21:23
Асхат Тарғын: "Мәрия арман едің" бейнебаянын Ди...
25.09.2026
21:03
Әкесі желіде тараған видеодағы сарбаздың тірі е...
25.09.2026
20:56
Нуранбекова зорланғаннан кейін туған баласы тур...